2017 жылдың 17 наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, жазушы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай «Жас толқын» жас ақындар клубы мүшелерімен
Мақсаты: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру. патриоттық сезімдерін ояту.
Жас ақындарымыз жазушының өмірі жайлы,балалық шағы туралы айтып өз ойларымен бөлісті,және клубымыздың мүшесі Кушалиев Адилет Ғабит Мүсіреповке арнап жазған өлеңін оқыды.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Қазақ әдебиетінің класигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Махмұтұлының асыл мұрасы, жүрегін жарып шыққан жан сөзі – бәріміздің рухани азығымыз, мақтанышымыз, қымбаттан да қымбатымыз. Айтулы жазушының адамдық қасиеті, азаматтық тұлғасы – бәрімізге үлгі, өнеге.
Іс- шара соңында оқырмандардың назарына «Көтердің көкке еліңді» атты сурет көрмесі, «Көркем сөздің зергері-Ғабит» атты кітап көрмесі ұсынылды.