2017 жылдың 17 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сырлас » клубының мүшелерімен бірге «Қош келдің, әз- Наурыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Наурыз мейрамы жайлы толық ақпарат беріп, қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын , ұлттық тағамдарын насихаттау.
Наурыз мейрамы- ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы жібіген наурыздың 22 күні- табиғат- ананың таңғажайып тепе- теңдікке бөленетін, жаңару мен жасарудың бастау алатын Ұлы күні.
Сондықтан да болар, түркі тектес елдер бұл күнді- Жыл басы деп, өлі табиғаттың тірілетін, тірінің жасаратын күні айтулы мереке деп атап өтетін болған. Наурыз мейрамымен сабақтасып жататын халқымыздың көптеген дәстүр- салттары, ықылас пейілі, ырымы аз болмаған. Бұл күннің шын мәнінде ұлттық мейрамға айналып, санамызға сіне бастағаны қуантады.
«Сырлас» клубынынң мүшелері бүкіл халықты Наурыз мейрамымен құттықтап, «Арыс жағасында» , «Ауылым», «Туған жерім» әндерін орындады.
Наурыз барлық отбасына, ынтымағы мен бауырмалдығы жарасқан халқымызға құт- береке, қуаныш пен бақыт сыйласын.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Отанымыздың айбыны мен абыройы арта берсін.Жаңа күндерде жақсылықпен жүздесе берейік! Оқырмандар назарына «Ұлы күн-Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.