2016 жылдың 18 қазан күні қалалық кітапханада Рухани Келісім күніне орай

2016 жылдың 18 қазан күні қалалық кітапханада Рухани Келісім күніне орай: «Рухани  келісім басты байлығымыз», «Рухани келісім-бірлік бастауы», «Рухани бірлік-бейбітшілік пен келісім негізі»  атты кітап көрмелері ұйымдастырылған. 

     Мақсаты:   оқырмандардың өз мемлекетінің тарихына, жалпы ой-өрісін дамытуға, мемлекетіміздің өткеніне құрметпен қарауға,  төзімділікке және басқа халықтардың мәдени құндылықтарына  танымдық  қызығушылығын арттыру.

       Елімізде Рухани Келісім күнін мерекелеудің тамаша дәстүрі 1992 жылы қазан айында Елбасының тікелей қатысуымен Алматыда өткен Бүкіләлемдік Рухани келісім конгрессінен бастау алады. 

      Содан бері бұл күн - Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. Рухани келісім күні- шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таныды. 

      Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық күні болып табылады.

IMG_2580