2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні.

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай 3 сәуір мен 8 сәуір аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары:

2 сәуір – бүкіл әлем балаларының ең сүйікті, Дания елінің ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні және Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мерекелер 1967 жылдан бері аталып келеді.Ал біздің қалалық кітапханада жыл сайын кітап мерекесі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар кітапханасында 3-8 сәуір аралығында апталық ұйымдастырылды.

3.04.2017ж.

  • Кітап апталығының ашылу салтанаты
  • «Кітап деген ғажайып әлем» танымдық сағат

4.04.2017ж

  • «Балалар кітаптары» кітап көрмесі

5.04.2017ж

  • «Кітап өмірлік серігің» дөңгелек үстел

6.04.2017ж

  • « Болашаққа кітаппен» тәрбие сағаты

7.04.2017ж

  • «Сиқырлы шеберхана «Ертегі галереясы» көрме

8.04.2017ж

  •  Қорытынды. Марапаттау.

Шараға қатысушылар: кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары.

Халықаралық балалар кітабы күніне кітапхана сіздерді өзінің кітап әлеміне шақырады.