2017 жылдың 20 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 маусым – Медицина қызметкерлерінің күніне орай «Ақ халатты абзал жандар» пайдалы- кеңес сағаты өтті

2017 жылдың 20 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 маусым – Медицина қызметкерлерінің  күніне орай  «Ақ халатты абзал жандар»  пайдалы- кеңес сағаты өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жасақтары қатысты.

Мақсаты: оқырмандарды медицина қызметкерлерін құрметтеуге үйрету, медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтау.

20 маусым - Медицина қызметкерлерінің күні. Бұл ақ халатты абзал жандардың мерекесі, әр минут сайын адам өмірін құтқарға бар күш-қайратын салатын және қыл үстіндегі адам тағдырын арашалаушы жандардың мерекесі. Адам өмірінен асқан қымбаттылық жоқ екенін бағалай алатын мамандардың төл мерекесі. Қашанда адам жанына араша түсіп, шықпас жанға себепші болатын дәрігерлер қауымының еңбегі қазіргі қоғамда ұшан-теңіз.       Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Іс- шара соңында оқырмандар назарына «Дені сау ұрпақпыз-жарқын болашақпыз»  атты кітап көрмесі  ұсынылды.