2017 жылдың 21 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға №2 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Кітап – біздің рухани қазынамыз, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітап адам өмірінің маңызды бір бөлшегі, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапсіз білімсіз болашақ жоқ екенін түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік". Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
Іс-шара барысында кітаптың шығу тарихы туралы видеоролик және әлемнің ең қызық кітаптары туралы презентация көрсетілді.Сонымен қатар кітапханашылар қалалық автобусқа шығып қала тұрғындарына кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, кітапханада көрсетілетін қызмет туралы айтып, кітапханға кітап оқуға шақырды.Буклеттер таратылды.
Іс- шара соңында оқырмандардың назарына «Кітап өмір ұстазы» атты кітап көрмесі ұсынылды.