2017 жылдың 24 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Рамазан айына байланысты «Рамазан-бірлік айы» атты имандылық сағаты өтті.

3

2017 жылдың 24 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Рамазан айына байланысты  «Рамазан-бірлік айы» атты имандылық сағаты өтті.

Іс-шараға: қаладағы мешіттің өкілі және кітапхананың тұрақты оқырмандары  қатысты.

Мақсаты:   Оқырмандарды имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, тәрбиелеу. Бес парыз туралы тереңірек мағлұматтар бере отырып, мұсылман дінінің тазалығын, ерешеліктерін түсіндіру.  Пайғамбарымыз жайлы айту.

Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиетті Рамазан - сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы - Рамазан.

Рамазан - барша мұсылмандардың сағына күтетін қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған мүбарак ай. Бұл ай барша адамзат баласына рахметті ала келеді. Осы айда бір айы бойы ораза тұту парыз етілді. Рамазан - айлардың сұлтаны.  Аталмыш іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және ата-әжелеріміз қатысты. Ата-әжелеріміз бір-бірімен имандылық жайлы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Іс шара барысында  «Рамазан айы- Алла тағаланың ұлы сыйы »  атты кітап көрмесі оқырмандардың назарларына ұсынылды.