2017 жылдың 25 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде соңғы қоңырау күніне «Мектебім мақтанышым» атты презентация ұйымдастырылды.
Іс- шараға мектеп оқушылары қатысты.
Мақсаты: мектеп – оқушылардың оқу-білім,өнер ордасы екені туралы түсініктерін кеңейту.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл- қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Оқырмандар назарына « Сыңғырла соңғы қоңырау» атты сурет көрмесі ұсынылды.
Мектеп бітіруші түлектер, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге мол табыс пен шаттық тілейміз!