2017 жылдың 27 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ынтымақ түбі-береке» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағытына №1 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Іс- шара соңында оқушылар назарына «Татулық- достықтың киелі бесігі», «Ынтымағы бір ел тозбайды» атты кітап көрмелері ұсынылды.