2017 жылдың 3 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасының оқу бөлімінде Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбы аясында тәрбие сағаты ұйымдастырылд
Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру; мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу; Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.
Егемендігіміздің белгілерінің бірі де бірегейі – мемлекеттік рәміздер. "Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке"-деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Халқымыздың еңсесі жоғары. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін осы қастерлі рәміздерімізді қастерлеу, құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу, Қазақстанда туып-өскен және оны мекендейтін әрбір азаматтың борышы.
Белсенді оқушылар патриоттық тақырыптағы әндерін айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Рәміздерге арналған арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, викториналық сұрақтарға жауап беріп, алғырлықтарымен танылды.