2017 жылдың 3 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел сүйсінер ұлан бол» атты әңгіме- сұхбат ұйымдастырылды.
Іс- шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.
7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекесі. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Іргесі берік елден қашан да жау тайсалған. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанды қорғау үшін мемлекетіміздің қарулы күші болуы қажет. Бүгінгі ұлдар – ертеңгі елдің қорғаны. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Іс- шара соңында оқушылар назарына «Қазақтың сарбаздары», «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты кітап көрмелері ұсынылды.