2017 жылдың 5 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында экологиялық сағат өтті.

Экологиялық сағаттың өтуіне кітапхананың тұрақты 3-5 сынып аралығындағы белсенді оқушылары  қатысты.

Өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы экологиялық сағатты өткізудегі басты мақсат - оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтап жүруді, өрттің алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық тағы да басқа нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке машықтандыру.

Оқушылар өрт қауіпсіздігіне байланысты өздері салып келген суреттерінің мазмұнымен  таныстырды. Ол суреттер көрмеге қойылды. Оларға арнайы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар, балалар өртке қатысты өз ойларымен бөлісіп, мақал-мәтелдер айтты. Экологиялық сағаттан оқырман оқушыларымыз жарқын көңіл-күймен тарқасты.