2017 жылдың 5 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік -Ұлы жеңіс» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға қаламыздың тұрғыны, тыл ардагері Бекназаров Мухамбетияр және №2 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру; 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, батылдыққа баулу.
Қазіргі күнгі әлемдегі ең басты проблема – Жер шарын соғыс өртінен сақтау, бейбітшілік, аймақтық соғыстарға жол бермей, терроризмге қарсы күрес және дінаралық ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау. Соғыстың барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына кері әсерін тигізгенін ешқашан да ұмытпауға тиіспіз. Аталмыш іс – шарада Ұлы отан соғысының тыл ардагері Бекназаров Мухамбетияр атамыз оқушыларға өзіңің киын балалық шағы туралы, сол кездегі балалардың киын тағдыры, еңбегі жайлы айтып берді. Кездесу кешінде соғыс туралы слайд көрсетілді. Жас кітапхана оқырмандары патриоттық өлең айтып, соғыс туралы жыр айтып және би биледі. Кездесу кеште айтылған деректер жасөспірімдерді аға ұрпақтың жауынгерлік ерлігі дәстүрінде тәрбиелеуге себін тигізетініне сенеміз.
Оқырмандар назарына «Желбіре жеңіс жалауы »,«Ерлік жыры- елдіктің ескерткіші» атты кітап көрмелері ұсынылды.