Осыған орай 2017 жылдың 5 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Шеберліктің шыңы- шындық», «Тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

1937 жылы 8 мамыр- кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімовтың дүние есігін ашқан күн. Осыған орай 2017 жылдың 5 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Шеберліктің шыңы- шындық»,  «Тірісінде аңызға айналған тұғырлы тұлға» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: Асанәлі Әшімовтің өмірі жайлы ақпарат беру. Кітаптарын насихаттау.

Әшімов — Қазақ КСР халық артисі , КСРО халық артисі . Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты , КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты . Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.Сонымен қатар қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан , Шадияров , Мәмбет , Қасымханов,Кемел , Нұрғазы Қаражал , Шыңғысхан

рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. 

Кітаптары «Майраның әні», «Жан бөлек», «Алаштың Асанәлісі», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария».