2017 жылдың 7 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана өмір,ана бақ» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: оқырмандардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, достықты қастерлей білуді насихаттау.
Кешке қаламыздағы ардақты: Бейсенова Құттыгүл, Кармисова Ирисхал, Жайлыбаева Набира аналарымызды шақырдық. Өнерлі балаларымыз аналарымызға арнап өздерінің әндерін айтып, би биледі. Беғазықызы Мадина «Астана» әнін, Балерке, Томирис, Аяжан қыздарымыз «Детская время» биін билеп, оқушылар ана туралы өлеңдерін айтты.
«Отбасы- шағын мемлекет» деген сөз бар. Әйел- ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Қонақтарымыз өнерлі балаларымыздың мерекелік кешіне өз ризашылықтарын білдірді.
Кеште оқырмандар назарына «Ана өмір,ана бақ» атты кітап көрмесі ұсынылды.