Ешкім ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды
Ұлы Жеңіс
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Жеңіс» атты бейнеролик. Мақсаты: Жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, батырлардың ерлігін жастарға үлгі өнеге ету.
Ұлы Жеңіс аман болсын!
2021 жылдың 5 мамырында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай кітапхананың балалар бөлімінде "Да здравствует Великая Победа!" атты №2 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен ерлік сағаты өтті.
Отан үшін от кешкендер
2021жылдың 7 мамырында көпшілік оқырмандар үшін «Отан үшін от кешкендер» атты Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы кітаптар қойылды.
Отты жылдардың өшпес шежіресі
2020 жылдың 19 қазан күні Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отты жылдардың өшпес шежіресі» атты ерлік сағаты өтті. Мақсаты: Жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, батырлардың ерлігін жастарға үлгі өнеге ету.
Қаһарман қыздарға мың тағзым
2020 жылдың 23 қыркүйек күні ерен ерлігімен тарих беттеріне із қалдырған қайсар қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналған «Қаһарман қыздарға мың тағзым» атты патриоттық сағат өтті. Мақсаты: Сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, ерлігін насихаттау.
Ер есімі –ел есінде
2020 жылдың 8 мамыр күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Ер есімі –ел есінде» мәңгілік полк ұйымдастырылды.
Ұлы Жеңіс жасасын
2020 жылдың 6 мамыр күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс жасасын» атты виртуалды сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, батырлардың ерлігін жастарға үлгі өнеге ету.
Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптар
2020 жылдың 2 мамыр күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптар» аттты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: туған жерін, Отанын сүюге, Ұлы Жеңістің маңызын түсінуге , Ұлы Отан соғысы ардагерлерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қыран қанатты батыр
2020 жылдың 27 сәуір күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Қыран қанатты батыр» Нүркен Әбдіров буктрейлер көрсетілді.
Мақсаты: сұрапыл соғыс жылдары Н.Әбдіровтың батырлығыны, ерліктерін насихаттау.
Мың тағзым,Ұлы Жеңіске
2020 жылдың 21 сәуір күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Мың тағзым,Ұлы Жеңіске» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызын түсінуге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.