Қыран қанатты батыр
2020 жылдың 27 сәуір күні Жеңістің 75 жылдығына орай «Қыран қанатты батыр» Нүркен Әбдіров буктрейлер көрсетілді.
Мақсаты: сұрапыл соғыс жылдары Н.Әбдіровтың батырлығыны, ерліктерін насихаттау.
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында өмірге келген. 1942 жылы Ростов облысында қаза тапқан. Әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 жылы Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алады. Қызыл армия қатарына 1940 жылы шақырылған. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты.