2017 жылдың 8 маусымы, яғни жайма шуақ жаздың алғашқы онкүндігінде 9-маусым әлемдік қауымдастық Халықаралық достар күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Дос өмірімен қымбат» атты
Тәрбие сағатына 5-9 сынып оқырмандары қатысты .
Мақсаты: Оқушылардың достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге қалыптастыру. Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын,адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық - адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Тәрбие сағаты барысында достық, жолдастық тақырыбы аясында әндер айтылып, мақал-мәтелдер тыңдалып, ақиық ақындардың мазмұнды өлеңдері оқылып, достың маңыздылығы аясында пікір-талас өрбіді.