2017 жылдың 8 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы «ЭКСПО-2017 туралы не білеміз?» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс- шараға №1 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
2017 жылдың 8 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы «ЭКСПО-2017 туралы не білеміз?» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс- шараға №1 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға жалпы ЭКСПО- ның тарихы жайлы, ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» жайлы толық мәлімет беру.
ЭКСПО халықаралық көрме – білімге, инновациялық шешімдермен алмасу, прогресті алға жылжыту және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс-шара. 1851 жылы Лондон қаласында өткен бірінші көрмеден бастап ЭКСПО біздің мүмкіндіктеріміздің шекараларын кеңейтіп орнықты даму мен халықаралық проблемалардың алдыңғы қатарлы шешімдерін табуға жаңа көкжиектерді ашады. Бірінші көрме Лондонда 1851 жылы өтті.2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушылармен «ЭКСПО-2017» көрмесі жайлы видеоролик көрестіліп , викториналық ойын ойнатылды.