8 наурыз

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне 8 наурыз – халықаралық аналар күніне орай балалар бөлімінде «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік шоу ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары мен активтері қатысты. Сонымен қатар қаламыздың тұрғыны, «Алтын алқа» иегері – Суйесинова Рабиха Ескенеевна арнайы шақырылды. Балалар ән шашулары мен билерін тарту етті. Соңында Рабиха апамызға кітапхана ұжымы  атынан гүл шоғы мен шағын сыйлық тапсырылды. 

DSCN3663