Абдрахманов Сауытбек
Әдебиет әлемі
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми академиясының құрметті мүшесі, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов саясат, өнер салаларымен қатар, әдебиет тақырыбындағы еңбектерімен де кеңінен танымал. Алғашқы балаң рецензиясы университетке түспей тұрғананда, сонау 1970 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланғаннан бергі жарты ғасырға жуық уақыт аралығында баспасөз бетінде көптеген ойлы мақалалар жазған, Ғабит Мүсірепов, Сергей Михалков, Шыңғыс Айтматов, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов сынды көптеген сөз зергерлерімен тағылымды сұхбаттар жасаған.
Оқырманның бұл жинақтан адамзаттың арғы-бергідегі жауһар туындылары, төл әдебиетіміздің толғақты мәселелері, көркем аударманың көкжиегі жайында мол мағұлматқа қанығатыны, автордың зияткерлік қуатына тәнті болатыны талассыз.