Адамға емі дауа - дәрігерлер

2016 жылдың 20 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде дәрігерлер күніне орай «Дәрігер – өмір тірегі» , оқу бөлімінде «Адамға емі дауа - дәрігерлер» атты сурет көрмелері ұйымдастырылған болатын. Көрмеге үздік медицина қызметкерлері туралы мерзімді басылымдардан алынған материалдар, медицинаға қатысты кітаптар қойылып насихатталды.
Көрменің мақсаты: әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алатынын, олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітіміз жалғанатынын сезіндіру, ұғындыру. Көрмеге №1 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 16 оқырман, оның ішінде 5 жаңа оқырман. Ақ халатты абзал жандардың мерекелері құтты болсын дейміз!