«Қадірі бөлек қаламгер»
Шерхан Мұртаза1932 жылы 28 қырқүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері болып бастаған. 1960-1963 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде корреспондент, әдеби қызметкер, 1970-1972ж. «Жалын» альманағының бас редакторы, 1972-1975 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1980 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-1992 ж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 «Қазақстан» телерадиокомпаниясының төрағасы қызметтерін атқарған. 1995-1999ж. шығармашылықпен айналысты, «Егеменді Қазақстан» газетінің редколлегия алқасының мүшесі болды. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің және Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Кітап көрмесінде Шерхан Мұртазаның көптеген әдеби туындылары: «Ай мен Айша», «Соғыстың соңғы жесірі», «Жүрекке әжім түспейді», «Бір кем дүние», «Қызыл жебе», «Қара маржан», «Бойтұмар» т.б. ұсынылған.