Ахметов А.

Досалы Сұлтан Бұлқайырұлы

Бүгінге дейін Досалы Сұлтан Е.Пугачева бастаған (1773-1775) шаруалар көтерілісі мен Көрінбейтін адам қозғалысына (1775-1776) жеке мүддесін көздеген қатысушы ретінде белгілі болып келеді. Алайда, Кеңестік дәуірдегі тап күресінің негізінде жасалған зерттеудің желісімен қалыптасқан бұл пікірдің қате екенін арнайы жаңа зерттеу жұмыстарының нәтижесінен көз жеткізуге болады. Бұл монографиялық зерттеу Досалы Сұлтанның ұлт-азаттық күрестердегі шынайы орны мен рөлін бұлтартпас айғақтар келтіріп дәлелдейді, оның алғашқы болып Ресей империясының қамытынан құтылуға қаймықпай қылышын сермеп көтерілісті ұйымдастырған әккі қолбасшы, мықты саясаткер екендігін көрсетеді.