Приозерск – туған өлкем

     

2017 жылдың 26 шілде күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қаламыздың  туылған  күніне  байланысты  «Приозерск – туған өлкем» атты дөңгелек үстел  өтті. Іс-шараға: кітапхананың тұрақты оқырмандары  қатысты.

      Мақсаты: Приозерск қаласы  туралы  мәлімет беру. Отанға,  туған  жерге  деген сүйіспеншілігін  арттыру,  өз елін, отанын  сүйетін патриот  болуға  шақыру.

      Приозерск қаласы 1956 жылы құрылды. Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте орналасқан Приозерск қаласына биыл 61 жыл толып отыр. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан 61 жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар.

    Бұл іс-шараға Приозерск қаласының жастары белсене қатысып, өз ойларын білдірді.
   «Приозерск- мақтанышым», «Гүлдене бер, жас қалам - Приозерск»  атты кітап көрмелері оқырмандардың назарларына ұсынылды.

5

8

10