Қалдыбек Рахманов. Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы
Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің, экстремизмнің т.б адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с) үмбетіне терроризм, экстремизм сияқты қанқұйлы әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жұмысқа насихат екені көріне. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.