«Американдық бұрыш» ақпараттық керуені

«Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  2016 жылдың 22 шілдесінде  Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасының халықаралық әдебиет бөлімінің кітапханашысы, «Американдық бұрыш» координаторы Серікбаева Балжан Тулегеновнаның қатысуымен  «Ақпараттық керуен" өткізілген болатын. 

Аталмыш іс-шараны  Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен, кітапханаларда орналасқан Американдық бұрыштар іске асырады. Бұл жобаның аясында Американдық бұрыш қызметкерлері облысымыздың қалалары мен аудандарында орналасқан кітапханаларға арнайы іс-сапармен келіп, Американдық бұрыш қызметі жайлы ақпарат беріп, көшпелі көрмелер, түрлі байқаулар мен викториналар, шеберлік сағаттар  мен семинарлар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады. 

«Американдық бұрышты» тамашалауға арнайы «Достық» балалар -жасөспірімдер шығармашылық орталығынан  «Непоседа» жазғы лагерь балалары жетекшілерімен бірге шақырылып, сонымен қоса  кітапханамыздың тұрақты оқырмандары  қатысты.  

Қазіргі таңда  өздеріңізге аян  жаңашылдыққа  құмар, шығармашыл балаларымыз жетерлік, ал көп жағдайда олардың қиялын жүзеге асыратын  ақпараттық құралдар аздық етіп жатады, міне сондықтанда мұндай жобалар бізге ауадай қажет. Біздің байқағанымыз көшпелі көрмеге әкелген кітаптар, түрлі баланың ой-өрісін дамытатын құралдар, барлығы тіл үйренуге, яғни ағылшын тілін тез үйренуге бағытталған екен.

Құметті ата-аналар,  бәрімізге аян, бүгінде ағылшын тілін білсең әлемді танисың, және ол бала кезден бастау алса тіпті оңай болары сөзсіз. Психологтардың айтуы бойынша өзге тілді игеру бала үшін ойын іспетті және бала тілді меңгеру арқылы қоршаған ортамен танысады. Сол елдің мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушығы артып, болашақта діттеген мақсатына қол жеткізері сөзсіз.  Тағы ескере кететіні  кітапханаларда жұмыс жасайтын бұндай клубтар мен үйірмелер тегін. 

20160722_102859 20160722_103250 20160722_103819 20160722_103915 20160722_104129 20160722_104636 20160722_104928