Ана - өмірдің шуағы

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 5 наурызында «Ана - өмірдің гүлі » атты мерекелік кеш ұйымдастырылған болатын. Кешімізге арнайы сыйлы қонақ ретінде ардақты ана, қадірлі әже, қаламыздың құрметті азаматшасы Бақыт Балтабековна шақырылса, ал белсенді оқырмандарымыз ата-аналарымен бірге қатысты.

Басты мақсатымыз - Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен ару қыздарымызды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Сонымен қатар анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі күшейтіп, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Мерекелік кеш жас ақындарымыздың аналарына арнауымен ашылды. Ал 4 сынып оқушыларының орындауында хор «Ақ мамам» әні көрермендерін тебірентпей қоймады. Тапқырыпқа сай слайд, аналар жайлы нақыл сөздер мақал-мәтелдер және де кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы 8 наурыз мейрамының шығу тарихы жайлы тың деректер көрермен назарына ұсынылды.

Мерекелік кешімізде биші қыздар мың бұрала билесе, әншілеріміз сызылта ән салды. Кітапханамыздың белсенді оқырмандарының бірі Нуржауов Нартай сиқыр көрсетіп, кішігірім шоу ұйымдастырды. Кешіміздің соңында қадірлі қонағымыз Бақыт Балтабековнаға алғысызды айтып, естелік сыйлық табыстадық, оқушылар өздерінің аналарына деген мерекелік ыстық лебіздерін білдірді.

Құрметті оқырман,барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш иесі аналарымыз аман болсын!

IMG_3536 IMG_3617 IMG_3640