Қаракесек шежіресі
Орта жүздің Арғын тайпасы Қаракесек руының шежіресі екі кітаптан тұрады.Бірінші кітапта Бес Бошан әулетінің (Жанту, Алдияр-Күшік, Шаншар, Наманай, Қаракемпір, Үсен, құдайберлі, Байбөрі, Көшім, Қояншы, Танай, Кәрсен, Керней, Манат) таралымы, екінші кітапқа Түйте әулетінің (Әлтеке, Сарым, Қара, Шор, Майлық, Әлтөбет) және Қамбар, Жалықбас, Қырғыз аталарының таралымдары берілген. «Қаракесек шежіресінде» рудың тарихы, этнографиясы, қоныстанған мекені, саны туралы тарихи деректер, мұрағаттық құжаттар, карталар, ауыз әдебиеті нұсқалары қолданылып, ғылыми болжамдар жасалған. Көрнекті тұлғалардың қысқаша өмірбаяны беріліп, белгілі адамдардың аты-жөні, ғұмырнамалық мәліметтері олардың өмір сүрген заманына қарай рет-ретімен кесте ішінде жазылған, ата таралымдары сызба арқылы көрсетілген. «Қаракесек шежіресі» қаракесектермен қатар, оларды өз жұрты, нағашы жұрты, төркін жұрты деп танитын адамдарға сондай-ақ Өазақстан тарихында өзіндік орны бар іргелі ру жөнінде жан-жақты мәлімет алғысы келетін оқырмандарға арналған.