Қарттарын қадірлеген ел ардақты

1 қазан –Халықаралық қарттар күні.  Бұл күнді тойлау дәстүрге    айналдыПриозерск қалалық кітапханасы»КММ-нің оқу залында халықаралық Қарттар күніне арналған шараларымыз жоспар бойынша өткізілді. Мерекенің  басты  мақсаты: Жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай салт – дәстүрден  нәр алып өсуіге, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. «Қарияларды ардақ тұту – біздің парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өттіКітапханада қарттар күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылып, мерекелік кеш өтті.Оған  «Сырласу» клубының мүшелері қатысты. Мерекелік іс-шарада  оқырмандар өз өнерлерін көрсетіп,  ән салып ,би билеп кешті қызықты өткізді. Кітапхана қызметкерлері жүрек тебірентер жағдай тудыра білсе, қонақтар белсенді қатысушы бола алды. Шара барысында «Сырласу» клубының мүшелерін  алғыс хатпен марапатталды. Кеш қонақтары  жоғарғы белсенділік танытып,  кештің көңілді өтуіне ықпал етті. Қарттарға арнайы жасалған  презентация көрсетілді .Қарттарымыз ризашылығын білдіріп  көңілді күйлерімен  үйлеріне  тарады. 

 Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің

кітапханашысы  Г.Г. Есенбаева

IMG_1282 IMG_1290 IMG_1305 IMG_1331 IMG_1338 IMG_1342 image002 IMG_1398