«Ғарыш айлағы тек ұлттың беделі»
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2017 жылдың 12 сәуірде – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесіне орай «Ғарыш айлағы тек ұлттың беделі» атты кұрмет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3 – 7 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы,тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту, адамзаттың ортақ үйі - Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқырман назарын ғарыш тарихымен таныстырып, Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтың өмір деректерімен таныстырды. Осынау адамзат тарихында адам баласының алғашқы болып айға біздің жерімізден аттануы қалай мақтаныш кернесе, осы ғарыш айлағынан ұлтымыздың қырандарының да көкке самғап, айға қонуы әр қазақ үшін соншалықты мақтаныш әрі қуаныш екені даусыз.