Ата заңым аялайды елімді

Биыл Ата Заңымыз- Қазақстан Республикасы  Конституциясының қабылданғанына 20 жыл. Аталмыш мерекеге орай  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Айбарлы асқақ – Ата заң» атты дөңгелек үстел және «Ата заңым аялайды елімді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Еліміздің басты құжатына айналған, жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата заңды құрметтеуге, оның әрбір бабы мен тарауларында айтылған сөздерге жіті мән беруге шақыру. 

Дөңгелек үстелге  «Сырласу»  клубының мүшелері және Приозерск  қаласының «Жас Отан» жастар орталығының «Жасыл ел» жасағының  жастары  белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Іс-шара барысында  оқу залынын кітапханашысы  С.А.Испамбетова «Ата заң – құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі» атты баяндама оқыса,  Қазақстан Республикасы  Конституциясының 20-жылдығына арналған видео сюжеттер көрсетіліп, «Сырласу»  клубының төрағасы  Жолдыбаев Сүлейменнің  орындауында патриоттық әндер шырқалды. Оқырмандарға Ата заңымызға байланысты сұрақтар койылды. 

Біздің Ата Заңымыз дүниежүзіндегі  ең  жас Конституциялардың  бірі. Негізгі Заңға құрметпен, құндылықпен қарау-біздің  ортақ  парызымыз  болғандықтан , Ата Заңымыз мемлекетіміздің  бағындырған  биігі мен  жеткен жетістіктерінің, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында  Елбасы айтқандай  стратегиялық  межелеріміздің іске асырудың іргетасы болып табылады. Конституция күні-Тәуелсіз  Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы   жағынан ерекше орынға  ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілейміз. Ата Заңымыз тарихымыздың мақтанышына  айналсын.

image2 image3 image4 image5 image6 image7