Ауғанстан – жүректегі жара

           Бір кезде аты әлемге әйгілі болған Ауған соғысы аттай 10 жылға созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсаннан 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта өткен соғыста көптеген жанұяның шаңырағы шайқалды, қайсы бір бала әкесіз қалды. Балауса жасқа толып, көк құрақтай өсіп келе жатқан біраз жанның тағдырын мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді.  Сондықтан да оның ащы сабақтары ұрпақ жадынан өшпек емес.

               Осыған орай  «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 12 ақпанында  «Ауғанстан – жүректегі жара» атты  әдеби сазды тарихи кездесу кеші өткізілді. Тарихи кездесу кешіне арнайы  ауған соғысына қатысқан ардегер шақырылып және 7 – 8 сынып оқушылары қатысты. Басты мақсатымыз - Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге,  есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық  рух ұялатар майдангер азаматтар қай уақытта да үлгі - өнеге тәрбие мектебі.

IMG_2930 IMG_2934 IMG_2947

           Әдеби сазды кешімізде тақырыпқа сай слайд, тарихи деректі фильм көрсетіліп кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Кешке 28 оқушы қатысты.  Қатысқан оқушылармыз «Отан», «Туған жер», «Соғыс» бейбітшілік туралы өлеңдерін оқып, мың бұрала билейтін биші қыздарымыз   Мадина мен Қымбат және 4 сынып оқушысы Адема қазақша билерін билеп, жез таңдай әнші ұл – қыздарымыз әндерін көрермендерге тарту етті. Сонымен қатар шақырылған ардагер ағамыз Шакиров Худайберган Сулаймановичке  оқушыларымыз өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, сонымен қатар ардагеріміз өзінің  алған орден медальдарымен таныстырып соңында ыстық лебізін білдірді.   

 IMG_2953 IMG_2966 IMG_2970  

             «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» - деген екен бір дана қария. Әскерлік анттарын аяғына дейін абыроймен атқарып,  сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан, қайран боздақтар есімі мәңгілікке өшпейді. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып, туған жерімен қауышқан ағаларымыздың ерлігін әңгімелеу біз үшін үлкен ғанибет.

IMG_2992 IMG_2996 IMG_2999 IMG_3007 IMG_3008