Қазақ афоризмдері
Кітап-тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегін кеңейте түсетін және ұлттық рухани болмысымызды тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретін өзгеше энциклопедиялық жинақтар қатарына жатады. Философиялық хрестоматия ретінде пайдалануға болатын бұл туындының анасы әдебиет болса, атасы-ой. Көшпелілер ой мұхитының «құмдағы ізін» қарап, «сайдағы тасын» теру арқылы жиырма бес ғасырлық тарихи кезеңді көктей шолған ауқымды афористік антологияда қазақы философия және сөз өнерінің бірегей болмысы, өзгеше өрнегі мен терең мазмұны кең көрініс тапқан. 78 ой иесінің афористік толғамдары тақырып-тақырыпқа бөлініп, топтастырылып беріліп отыр. Оған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер мен қара өлең үлгілері, халық жырлары мен жылнама жолдарынан, айтыстар мен ән мәтіндерінен теріліп алынған нақылдық орамдарды қосыңыз.