Қазақ хандығына – 550 жыл
Биылғы жылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.
Осы атаулы мерекеге орай қалалық балалар кітапханасында тұрақты тақырыптық көрме құрылған болатын. Көрме жыл бойы оқырман назарына ұсынылатын болады.
Көрменің мақсаты – қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырман қауымға насихаттау, жеткізу. Тарих қайта жаңғырады, өткенге салауат айтып, болашаққа тағы бір қадам жасаймыз.