Қазақ поэзиясының Хан - Тәңірі – Мұқағали

10 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы мен оқырмандарға қызмет ету бөлімінде  қазақтың ақиық ақыны  Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың  85  жылдығына орай   «Мұқағали оқулары» ұйымдастырылған болатын.  Кеш  оқырмандарға қызмет ету бөлімінде орналасқан «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты ақынның кітаптары орналасқан көрмеден бастау алды.

Іс-шараның мақсаты:  Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып  отаншылдыққа тәрбиелеу.

Ережеге сай оқырмандардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Үш бөлімнен тұратын сайысқа 52 үміткер қатысып, арасынан суырылып шыққан дарабоздары әділ қазылардың шешімі бойынша  әр номинациядан,  яғни    «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты ақын ағамыздың  өлеңдерін жатқа оқу конкурсынан  Юнус Айгүл, «Жақсы өлеңім – жаны игі халқым үшін»  сөзіне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсынан  Исмайлова Ақбота,  «Болашағым, сен тұрсаң, мен  өлмеспін!» - жас ақындар  конкурсы бойынша  Аман Айдана жүлделі  1  орынды иеленген болатын. Сонымен қоса 3 сынып оқушысы  Сейтқали Алихан  қатысушылардың ішінде ең кішкентай оқырман ретінде арнайы дипломмен, ал  қалған оқырмандар  қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік іс-шараның куәсі болған көрермендер, керемет әсер алды деп ойлаймыз.   Қазіргі таңда дәстүрге айналған «Мұқағали оқулары» қалың оқырман   тарапынан үлкен  ықыласпен қолдауға ие, ал бұл дегеніңіз   ақын өлеңдерінің өміршеңдігінің дәлелі деп білеміз.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай,   оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын таба берері сөзсіз.   

IMG_2771 IMG_2784 IMG_2891 IMG_2896 IMG_2925