«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
13 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына байланысты кітапхана директоры П.С.Кенжебекова кітапханашылар арасында кезекті жолдауды талқылады.
Жаһандану заманында ең қиыны өмірде дұрыс жол таба білу. Бұл әрбір адамға да біздің қоғамға да қатысты. Елбасымыз бізге осындай қиын да жауапты сәтте жыл сайын Жолдау арқылы дұрыс жол көрсетіп, бағыт беріп отырады.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы – еліміздің тарихи белесін жаңа кезеңге бастайтын өте маңызды құжат. Ең бастысы Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Енді бізге жүктелген мәселе сол бағыттарды халыққа жеткізіп, яғи кітапхана оқырмандарына насихаттау, түсіндіру, насихат жұмыстарын қолға алу, жәнеде өз саламызға қатысты бағыттарды дамыту. Ал, кітапханашылалырдың осы тұрғыда мақсаты – жаңа жолдауды қолдай отырып, әр оқырманның жүрегіне жеткізу, сапалы ақпараттық қолдау көрсете отырып, білімін жетілдіру болып табылады.
Кітапхана қызметкерлері Ш.Козыгельдиева, А.Зарықхан, У.Джентинбаева жолдау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Кітапхана директоры П.С.Кенжебекова Елбасының халыққа жолдаған жолдауын кітапханашыларға кітапхана оқырмандарына насихаттауды тапсырды. Жолдаудың басқа да өзекті тақырыптары жұртшылық назарына ұсынылып, кітапхана қызметкерлері жолдауды бірауыздан қолдайтынын жеткізді.