«Азаттықты аңсаған Алаш»
2017 жылдың 8 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған Алаш» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін, аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
ХІХ ғасырдың басында Ресейдің саяси ортасын жаңа кезең дауылы дүр сілкіндірді. Осы жылдардан кейін Алаш ардақтылары бас біріктіріп, серпіле бастады. Патшалық биліктің әділетсіздігін аңғарған саяси күш – қазақ зиялылары әр қилы бастамалар көтерді. Көп кешікпей, елім деп еңіреген, жерім деп желпінген қазақ перзенттері ел болашағына тереңнен толғана «Алаш» партиясын дүниеге әкелді.
Әлихан Бөкейханов бастаған топқа сол кезеңнің озық ойлы қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышпаев,Міржақып Дулдатов,Ахмет Байтұрсынов,Мағжан Жұмабаев т.б топтасты.Алаш астанасы Семей деп жариялаған ардақтыларымыздың басты ұраны – қазақ халқын отарлық езгіден азат ету болды. Алаш ардақтылары қазақ елінің тағдыры күрделене бастағанын байқап, Уақытша халық кеңесі түріндегі билік құрып, оған «Алашорда» деген атау берді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Кітапханашы М.Айтжанова оқырмандарға Алаш партиясы туралы айтып өтті. Оқырмандар назарына «Алаш қозғалысына 100жыл» атты презентация көрсетіліп, «Алаш мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.