«Азаттықты аңсаған Алаш»
2018 жылдың 30 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қоғам қайраткері ақын, аудармашы, ағартушы-ғалым, публицист Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына 145 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған Алаш» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқырмандарға Ахмет Байтұрсынов туралы айту, өмірбаянымен таныстыру. Қазақ елінің ғалымы, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Ол бала кезiнен сөз танып, оны ұғып, көркем сөздiң елде жоғары бағаланатынын сезiп өстi. Саналы өмiрге аяқ басқан кезiнен бастап, халық поэзиясын, Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетiн оқыды. Мұның бәрi қоғамдық ой-пiкiрде тынымсыз iзденген, өмiрге құштар Ахмет үшiн текке кетуi мүмкiн емес едi.
Бүгінгі әдеби кеш барысында кітапханашылар оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолымен таныстырды. Оқушылар да өз ойларын айтып бөлісті. Балалар Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерінен айтып берді. Әдеби кеш барысында «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты презентация көрсетіліп, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
30 января 2018 году в КГУ «Приозерская городская библиотека» в читальном зале состоялся литературный вечер к 145 летию со дня рождения просветителя, поэта, педагог Ахмета Байтурсынова «Азаттықты аңсаған Алаш». В мероприятия принимали участие ученики 10 класса школы № 1.
Цель: знакомство учащихся с биографией великого сына казахского народа; воспитание патриотизма, чувства гордости за свою страну.
Ахмет Байтурсынов – поэт, учёный, тюрколог, переводчик, педагог, публицист, общественный деятель. В своё время он стал жертвой несправедливости, сталинских репрессий, более полувека не удостаивался упоминания, его имя не занимало достойного места в истории Казахстана. Вся жизнь Ахмета Байтурсынова была пронизана пламенной заботой о самоопределении казахов, развитии культуры, образовании и науки, сохранении в веках самобытного народного творчества самого духа нации. Не случайно М. Ауэзов еще в 1923 году, учитывая неоценимые заслуги Байтурсынова перед казахским народам, назвал его «вождем казахской интеллигенции».
Ученики поделились своими мыслями о жизни писателя. Литературное наследие Ахмета Байтурсынова, идущее от сердца слово– это наша духовная гордость. В ходе мероприятия библиотекари познакомили учеников с биографией Ахмета Байтурсынова. Ученики читали стихи автора.
Был оформлен книжная выставка «Азаттықты аңсаған Алаш», и показан презентация «Қазақ халқының ұлы көсемі».