Азаттықты аңсаған алаш көсемдері
31 мамыр тар жолда тайғақ кешіп, ұлтының қамы үшін азар да безер болып, мұз шайнап, от кешкен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл жайында Елбасымыз 1997 жылы өзінің Жарлығында жария еткен болатын.
Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас шиырлатады. Ұлы терорлық әрекет қазақ баласын аямай орға жығып, тірілей құздан итерді. Елім деп емешегі үзілген қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров… суық қарудың көзіне ілінді. Соған орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 31 мамырында «Азаттықты аңсаған алаш көсемдері» деп аталатын сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5 -8 сынып оқушылары арнайы шақырылып таныстырылды.
Мақсаты : Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушылардың бойына Отансүйгіштікті, патриоттық сезімді, ерлік,
батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.Саяси
қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.
Елі - жері үшін күрескен шейіт болған боздақтар аруақтарына тағзым етіп, ел есіне салып, ұлт рухын көтеріп, өткенімізге оралып, мәңгі есте сақтау бүгінгі ұрпақ, біздің парыз - міндетіміз.