«Бал бұлақтың шамшырағы-денсаулық»
2017 жылдың 07 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Дүниежүзілік денсаулық күніне «Бал бұлақтың шамшырағы-денсаулық» денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру. Іс-шараға 6 сынып оқушылары қатысты.
7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.
Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.
Кеш барысында тақырыпқа байланысты бейне слайд, кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.