«Балаларға базарлық»

2017 жылдың 18 ақпанында « Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  қазақ балалар әдебиетінің белді өкілдерінің бірі Ескен Елубаевтың туылғанына 75 жыл толуына орай  «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5 – 9 сынып оқушылары қатысты.

Көрменің мақсаты: оқырмандарға ақынның  өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру, шығармаларын оқырмандарға ұсыну арқылы туған әдебиетімізді, еңбегін жастарға насихаттау және де көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап лирикалық өлеңдері мен балаларға арналған шығармаларымен көзге түсе бастаған Ескен Елубаев – бүгінде қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы, қолына қалам ұстап, «балаларға базарлығым» бар дейтін жастардың ұстазы, үлгі алып, бет түзейтін тұлғасына айналған сөз шебері.

Көрмеге кітапханамыздың кітап  қорында бар жазушы Ескен Елубаевтың кітаптары және қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар да оқырман  назарына ұсынылды.