Білім - келешек кепілі

1 - қыркүйек  Білім күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ балалар бөлімінде «Білім – келешек кепілі»  атты сурет көрмесі, оқырмандарға қызмет ету бөлімі «Білім-таусылмайтын байлық» атты презентация көрсетіліп, оқу бөлімінде «Менің мектебім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Мақсаты: Білім күні мағыналы мереке екенін балаларға  ұғындыру, білімге деген құштарлықтарын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматтары мен азаматшаларын елжандылыққа тәрбиелеу.

     Бірінші қыркүйек... Сары күздің алғашқы күнінде білім ордаларының есігі миллиондаған оқушыларын құшақ жая қарсы алады.  Айтулы дата қарсаңында балалар кітапханасы өз оқырмандарына сурет көрмесін ұйымдастырып берді. Суретті көрме 1-11 сынып оқушыларына арналған түрлі парақшалармен безендірілген. Білім, мектеп, ұстаз, оқулықтар, пәндер туралы мазмұнды өлеңдер, әңгімелер, буынға бөліп оқу кітапшалары, сөзжұмбақ, жұмбақ, мақал-мәтелдер қамтылған.

      Білім күні, құтты болсын, жас достар! Балалар кітапханасы өзінің білімді де өнерлі оқушы оқырмандарын кезекті оқу жылында да ыстық ықыласпен қарсы алады.

111 20170822_101933 20170822_162046