Білім көзі – кітапханада, ал интернет – заман жаршысы
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 13 сәуірде «Кітап немесе интернет » атты пікірталас ұйымдастырылды. Кешімізге 5 – 6 сынып оқырмандары қатысты.
Басты мақсатымыз – кітап және адам өміріндегі маңызы туралы сонымен бірге интернет желісінің пайдасы мен зияны жайлы талқылап, оқушыларды оқу – білімге шақыру. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітап пен интернеттің пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
Кешімізді 6 сынып оқушылары Шаймурзына Балбибі мен Нұрлан Аяулым «Кітап пен компьютер» айтысымен бастады. Оқушылар жақтаушы және даттаушы топ болып екіге бөлінді. Екі топта өздерінің фракциясымен таныстырып, ой – пікірлерін ортаға салды. Көрермендерде ойларын білдіріп, арасында екі топқа өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды. Қатысушы екі топтан 7 сынып оқушылары Абиболла Балнұр мен Серікбаева Айжамал , Сәукенова Аружан ұтымды пікірлерімен көзге түсіп марапатқа ие болды.
Қатысқан оқушылар саны 24 бала.