Болашақты бастап берген – Бала шақ

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың  1 маусымда «Болашақты бастап берген – Бала шақ» атты ойын көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  0 - 4 сынып оқырмандары қатысты. 

         Мақсаты : 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну ,балалық шақтарын бақытты өткізуге ,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу.Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып,достыққа бірлікке тәрбиелеу.

         Кешімізде кітапхананың тұрақты оқырмандары өздерінің әсем әндері мен билерін, тақпақтарын айтып, көрермендерге жақсы көңіл – күй сыйлады деген ойдамыз.  Мерекелік  кешімізге Шәріп Нұрайым, Мұкашева Айсара, Камалова Аяжан белсене атсалысты. 

         Тақырыпқа сай слайд, кітап көрмесі және видео ролик  көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрермендер арасында әр түрлі ойындар ойнатылды.

 IMG_2951 IMG_3087 IMG_3109 P_20160518_124622_1_p

1-маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілі - бал» тақырыбына қалалық орталық алаңда  видеоролик  түсірілді. 

 Іс-шараның мақсаты:  Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу қажеттілігін  есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін ескертеді.Ертеңгі елдің болашағы- балалар бақытты өмір сүруде. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын,келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы айғақтайды. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы 

                                                                                                             

қорғалуын талап ететін боламын»- дей отырып, өз сөзінде әр баланың құқығының қорғалуын талап ететіндігін айтып өтті. Отбасы бұл мемлекеттің бір бөлігі.Ал ата-ана– отбасының яғни мемлекеттің тірегі болып саналады. Сондықтан бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті екенін естеріне салу.
Пәк, бейкүнә балалардың құқығын қорғау, оларға жарқын өмір сыйлау біздің басты міндет. Сондықтан балалармен   орталық алаңда  әртүрлі  ойындар  ойналып, 

жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірілді. 

 Безендірілуі: Тақырыптық көрме құрылды. Көрмеге балалар құқығын қорғау туралы мақалалар қойылды. 

Қатысқан оқырман саны:  Алаңдағы барлық бала,  жаңадан жазылған оқушы саны – 5.