Черниязов Джанкельді Черниязұлы

Черниязов Джанкельді Черниязұлы 1924 жылы 18 ақпанда Өзбекстан Республикасы, Навои облысы,  Тамды ауданында дүниеге келген. Соғысқа 1943 жылы аттанды. Беларусияда ұрыс даласында оң аяғынан айырылған. Германияға дейін жетіп 1946 жылы елге оралды. Соғыстағы ерліктері үшін бірнеше ордендермен марапталған. Елге оралған соң ауылда колхоз бухгалтері болып жұмыс жасаған. 2001 жылы мамыр айында дүниеден өткен.