Ата заңым – айбыным

 

30 тамыз Конституция күні қарсаңында Приозерск қалалық кітапханасының балалар бөлімінде «Ата заңым-айбыным» атты кітап көрмесі өз оқырмандарына құшағын айқара ашты.

 

     Мақсаты: Оқушыларды Конституцияның ерекшеліктерін аңғартуға, ел жетістіктерін айтуға баулу, ой-пікірлерін еркін айтуға бейімдеу, өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, өз құқығын қорғай білуге, мемлекет рәміздерін құрметтеп, Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Республика Конституциясының қабылданған күні – барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мереке. Көрмеде «Қазақстан Республикасы Конституциясы», «Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан», «Мен Қазақстан азаматымын», «Қазақстан-2030» кітаптары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамашалауға келген оқырмандар қажетті мағұлматтар алып, кітапханашылармен сұхбаттасып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, мемлекеттік құндылықтарды қастерлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті екендігі түсіндірілді.

222