Денсаулық зор –байлық

 2016 жылдың  10 қыркүйегінде  Денсаулық күніне орай  «Приозерск  қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Денсаулық-зор байлық» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты:  денсаулық адам баласының азбас қазынасы,асқан байлығы,өмірінің тірегі екенін түсініп,оны бағалай білуге үйрету,жас ұрпақ  бойына салауатты өмір салтын  қалыптастыру,насихаттау,адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Кез келген елдің болашағы оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.Ал біздің болашақтағы бағытымыз-салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп,олардың өз денсаулығына  деген   жауапкершілігін  қалыптастыру-баршаның борышы.

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Денсаулығың жақсы болу үшін уақытыңды,күш-жігеріңді,еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулығы мықты адам ыстыққа да,суыққа да төзе алады.Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз-ұзақ өмір сүру.«Денсаулық — зор байлық» дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпашылықтарды жеңугн,қабілет дарынын дамытып,шығармашылық деңгейге көтеріле алады.

Оқу бөлімінің кітапханашысы

Қалдыбаева С. Ғ.