Отбасы - тәрбие бастауы
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы -тәрбие бастауы» атты отбасылық тренинг өткізілді. Отбасылық тренингке мүмкіндігі шектеулі қамкөңіл балаларға арналған «Үміт» бағдарламасының мүшелері және белсенді оқырмандарымыз өздерінің аналарымен бірге қатысты. Аталмыш тренингтің мақсаты: ата –аналарға баласын жан-жақты түсіну мүмкіндігін арттыру, балалардың бойында мейірімділік пен ұстамдылықты сіңіруде кітаптың алар орны ерекше екенін дәлелдеу. Жалпы бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына үлес қосу.
Іс-шара барысында оқырмандар «танысу жаттығуын» жасап, «Жанұя ойыны» атты сергіту ойынын ойнады. Ата-аналарымыз ситуациялық сұрақтарға белсенді жауап беріп, бала тәрбиесіне байланысты анкета толтырды. Отбасылық сабақтың соңында жанұядағы ата –ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырысып және «Отбасы» атауының мәніне терең үңілту арқылы, оттың да үлкен маңызы бар екенін яғни ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамын» жақтық. Сонымен қоса белсенді оқырмандарымызға өзіміздің жылы лебізімізді білдіре отырып, кітапхана атынан естелік кітаптар ұсынған болатынбыз. Іс-шара барысында «Отбасы-бақыт мекенім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.