Үміт бағдарламасы

«Үміт» бағдарламасы кітапхана жоба аясында Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс

Қарағанды облысы «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  балалар бөлімінің қызметкерлері «Үміт» бағдарламасы кітапхана жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беріп, жаңа оқулықтармен таныстырды.

Үміт бағдарламасы бойынша жұмыстар

Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен-күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірбие қажет.

Отбасы - тәрбие бастауы

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  15 мамыр  Халықаралық  Отбасы күніне арналған «Отбасы -тәрбие бастауы» атты отбасылық тренинг өткізілді. Отбасылық тренингке мүмкіндігі шектеулі қамкөңіл балаларға арналған «Үміт» бағдарламасының  мүшелері  және белсенді оқырмандарымыз өздерінің аналарымен бірге қатысты. Аталмыш тренингтің мақсаты: ата –аналарға баласын жан-жақты  түсіну мүмкіндігін арттыру, балалардың бойында мейірімділік пен ұстамдылықты сіңіруде кітаптың  алар орны ерекше екенін дәлелдеу. Жалпы бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына үлес қосу.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» бағдарламасы жобасының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  «Үміт» бағдарламасы  2000 жылдан бастап өз жұмысын атқарып келеді. Бұл жобаның мақсаты:  

- Қамкөңіл балалардың қазіргі қоғамдағы өмірге тез бейімдеу үшін кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

-Оларға сапалы кітапханалық қызмет көрсету;

- Сұраныстарын толығымен қамтамасыз ету.

Көп жағдайда ата-анасымен немесе егер баланың денсаулығы жұмыс жүргізуге еш кедергісін келтірмесе жеке өзімен де ауызша әңгіме жүргізіледі.

Ақпараттық - библиографиялық  бөлім жыл көлемінде  өз тарапынан мүгедек балаларға қажетті әдебиеттер мен  мерзімді басылымдардың тізімін жасап ұсынады. 

Жылдың басынан бастап қалалық «Халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеметтік бағдарламалар» бөлімінен  мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімі алынып, солардың ішінен  жобаға тіркелетін оқырмандар іріктелді. Биылғы жылы жоба құрамында 12 оқырман, яғни  оның  төртеуі бұрынан келе жатқан оқырмандар, ал қалған сегізі жаңадан тіркелген оқырмандар.  

«Үміт» бағдарламасы жобасына тіркелген оқымандар тізімі:

1. Құдабай Диана Қайратқызы       2009ж                          Абая 15/1 14 пәтер

2. Әбіл Гүлназым Оңталапқызы   2008ж                  Кисунько 13/3-56 пәтер

3. Айдархан  Қарлыби Талғатбекұлы  2006ж        Космонавтов 9/2-5 пәтер

4. Ахат Аделина Маратқызы    2008ж                            Кисунько 1А 3 пәтер

5. Боранбай Айым Ерболқызы   2013 ж                         Кисунько 2/2 4 пәтер

6. Жансейт Абылайхан Ерболұлы    2009ж                           БСА 36 33 пәтер

7. Мәдірқұл Абдукәрім Жақсылықұлы 2012ж       Гвардейская 12-59пәтер

8. Манарбек Інжу Алиханқызы 2013ж                      Кисунько 1Б – 16 пәтер

9. Сарайкин Степан Александрович 2013ж               Кисунько 15 -89 пәтер

10. Таутанова Алуа Садуақасқызы 2006ж           Космонавтов 9/2-18 пәтер

11. Фацул София Дмитриевна  2014ж               Дружба народов 4 -59 пәтер

12. Ярмахамет Мадина Рүстемқызы 2010ж            Космонавтов 3-67 пәтер

 

Кітаптар мен  мерзімді басылымдарды  оқырмандарға әр аптаның сәрсенбі күні  апарып,  уақытылы ауыстырып отырамыз. Тіркелген оқырмандардың жас ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан жастарына сай әдебиеттерді ұсынуға тырысамыз. Көбнесе балалар танымдық журналдарды оқығанды жақсы көреді, және балаларының ой-өрісінің  тезірек дамуына септігін тигізетінін түсінген  ата –аналар да осындай журналдардың көп болғанын қалайды.  Ауқымды іс-шаралар жылына екі рет  ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы

1.     15 мамыр дүниежүзілік Отбасы күніне орай  «Отбасы- тәрбие бастауы»  отбасылық тренингі

2.    1 қазанда  «Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық –білектен»  қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты  мүмкіндігі шектеулі балаларға кішкене де болса көңіл бөліп,  балалардың санасына мейірімділік,  қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

        Әрине жыл өткен сайын мүмкіндігі шектеулі балалардың көбейуі бізді қатты қынжылтатыны анық.  Дегенмен олардың  қоғамнан тыс қалмауына  кітапхана тарапынан көрсетіліп жатқан теңіздің тамшысындай үлесіміз екенін түсінеміз және барынша   өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз.

 

Үміт бағдарламасы бойынша жұмыстар

Кітапханамызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҮМІТ» бағдарламасы да жұмыс істеп келеді. Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен үнемі тығыз қарым-қатынас жасалып, үйлеріне өздері тапсырған кітаптар мен басылымдар өз уақытында жеткізіліп тұрады.  Атап айтар болсақ, Әбіл Гүлназым, Мырзабек Мейірхан, Ярмахамбет Мадина сынды оқырмандарымызға ертегілер, танымдық әдебиеттер, боямақ кітаптар, ашылмалы кітаптар апарып тұрамыз. 

1-2

1-3

1-4

Сыбдыры сұлу, Алтын күз!

2015 жылдың 15 қазанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде қамкөңіл мүгедек балаларға арналған «Сыбдыры сұлу, Алтын күз" атты мерекелік кеш ұйымдастырылған болатын. Кештің мақсаты:   жарымжан   жандарға  мерекелік көңіл – күй сыйлау.